Aqtobe Day Әлеумет

Былтыр Ақтөбе облысында 658 кәмелетке толмаған бала іздеуде болды

Фото: Ақорда

2025 жылы Ақтөбе облысында жоғалған адамдарға байланысты полицияға 1 375 өтініш түсті. Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде олардың басым бөлігі табылды. Қазір тек екі адам ғана іздеуде қалып отыр.

Өткен жылы жоғалған 658 кәмелетке толмаған баланың барлығы аман-есен табылып, ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қайтарылды. Балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жоқ.

Жоғалған адамдарды іздеуге Zello Poisk еріктілер қозғалысы белсенді түрде көмектесіп келеді. Еріктілер тәулік бойы іздеу жұмыстарына қатысып, бағыттамаларды тарату арқылы полицияға қолдау көрсетуде.

Мәселен, 2025 жылдың желтоқсанында 9-сынып оқушысы ата-анасымен жанжалдасып, үйінен шығып кеткен. Полицияға хабар түскеннен кейін еріктілердің көмегімен жедел іздеу ұйымдастырылды. Қыз бала туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жылдам таратылды.

Бірнеше сағаттан соң Ақтөбе қаласының бейжай қарамаған тұрғыны жасөспірімді байқап, полицияға хабар берген. Соның арқасында оқушы табылып, ата-анасына қайтарылды.

Полицияның айтуынша, балалардың үйден кетуінің басты себептері — отбасындағы түсініспеушілік, жанжал және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың болмауы. Осыған байланысты полиция ата-аналарды балаларына көбірек көңіл бөлуге шақырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Дәрігерлер автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *