Коммуникациялар мен стратегиялық кеңес беру саласында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Назым Жанғазы RÉNOMÉ Strategy & Advisory жобасының іске қосылғанын хабарлады.
Жаңа бренд қоғамдық саясат, стратегиялық коммуникациялар және басқарушылық шешімдер саласындағы күрделі әрі ұзақмерзімді міндеттерге бағытталған. Жоба адамның қоғамдық саясатқа, қысымға, қақтығыстарға және ұзақ стратегиялық ойынға қаншалықты дайын екенін бағалау мен сүйемелдеуді көздейді.
Мәлімдемеде айтылғандай, RÉNOMÉ Strategy & Advisory жобаларының басым бөлігі NDA аясында жүзеге асырылады. Бұл — ашық кейстер мен жария релиздерсіз, алайда нақты процестер мен шешімдерге тікелей әсер ететін жұмыс форматы.
«Нарық өзгеріп, күрделене түсуде. Бүгінде тек көзге түсу жеткіліксіз — дәлдік, жүйелілік және стратегиялық тұрақтылық маңызды», — делінген жоба туралы ақпаратта.
RÉNOMÉ Strategy & Advisory — бұл команда үшін жаңа кезең. Бұл кезеңде ауқым да, жауапкершілік те, шешілетін міндеттердің күрделілігі де арта түскен.
Жаңа консалтингтік жоба NazymPR бутигінің негізінде құрылды. PR-бутик нарықта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, репутация мен медиа саласында 500-ден астам кейсті жүзеге асырған. Алайда жаңа кезеңде бұл жоба тек агенттік емес, консалтингтік экожүйе ретінде дамымақ.
Әрбір жоба аясында стратегиялық коммуникациялар мамандарымен қатар талдаушылар, басқарушылар, экономистер, қоғамдық саясат саласының сарапшылары тартылады. Сонымен қатар қызмет бағыттарының қатарына саяси профайлинг пен қоғамдық көшбасшылар аудиті енгізіліп отыр.
Назым Жанғазы бұл шешімге келу жолы оңай болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы он жылға жуық уақыт ішінде агенттік шағын, алайда сапаға басымдық берген бутиктік форматта жұмыс істеп, жылына бес жобадан артық алмауды саналы түрде таңдаған. Бұл тәсіл терең экспертиза мен клиенттердің сенімін қалыптастыруға мүмкіндік берген.
Алайда уақыт өте келе сұраныстар күрделеніп, клиенттер тек пиар емес, стратегия, дағдарысқа қарсы шешімдер және күрделі қоғамдық процестерде бағыт-бағдар беруді қажет ете бастаған.
«Біз PR-агенттік форматынан асып түстік. Бүгінде біз тәуекелдермен, ұзақмерзімді стратегиялармен, репутациялық және басқарушылық міндеттермен, сондай-ақ саяси және қоғамдық контекспен жұмыс істейміз. Бұл — мүлде басқа деңгейдегі тереңдік пен жауапкершілік», — деді ол.

