Aqtobe Day

Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам мерт болды

Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысындағы тасжолдардың бірінде жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Қарғалы ауданында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан төрт адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды «Тілші».

Қазіргі уақытта полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Қайғылы жағдай Ақтөбе-Орск тасжолының Қосестек ауылына жақын тұсында болған. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісінің қателігі жол апатына әкеп соқтырған.

Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов оқиғаның мән-жайын былай түсіндірді:

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», — деді Ардана Саймағамбетов.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты әлемдік рекорд орнатты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *