Aqtobe Day

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы мопедпен жол апатына түсті

Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Мұстафа Шоқай көшесі бойында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 8-сынып оқушысы мопедті басқарып келе жатып, «Honda» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2010 жылы туған кәмелетке толмаған мопед жолаушысы Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Тексеру барысында мопедтің мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргені анықталды. Сондай-ақ көлік құралын басқарған жасөспірімнің 14 жаста болғаны және жүргізуші куәлігінің болмағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе әуежайы алғаш рет 1 000 000-шы жолаушыны күтіп алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *