Әлеумет

Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Индонезияда ұсталды

Фото: qamqor.gov.kz

ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Марқұмдардың күйеу баласы Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Сонымен қатар, бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.

Айта кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда. Ерлі-зайыптылардың мәйіттері 8 қаңтарда табылды. Ал із-түзсіз кеткен екі бауырдан әлі хабар жоқ. Кісі өлтіруге марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп жарияланып, оған іздеу салынған еді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тұңғыш президент саябағындағы жалға берілген жердің ақшасы қайда?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *