Home Әлеумет Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Индонезияда ұсталды
Әлеумет

Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Индонезияда ұсталды

Фото: qamqor.gov.kz

ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Марқұмдардың күйеу баласы Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Сонымен қатар, бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.

Айта кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда. Ерлі-зайыптылардың мәйіттері 8 қаңтарда табылды. Ал із-түзсіз кеткен екі бауырдан әлі хабар жоқ. Кісі өлтіруге марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп жарияланып, оған іздеу салынған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version