ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмдардың күйеу баласы Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Сонымен қатар, бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.
Айта кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда. Ерлі-зайыптылардың мәйіттері 8 қаңтарда табылды. Ал із-түзсіз кеткен екі бауырдан әлі хабар жоқ. Кісі өлтіруге марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп жарияланып, оған іздеу салынған еді.

