Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Мәскеуге дрон шабуылы көбейген тұста Ресейге ұшатын қазақстандық әуе компанияларға “қауіп-қатерлерді бағамдау бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқаулық жіберген”.
“Бақылау нәтижесінде жолаушылар мен әуе кемелеріне белгілі бір деңгейде қауіп-қатер бар. Сондықтан Қазақстанның жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниялары мен чартерлік компанияларына қауіптерді бағалау жөнінде және сол қауіп-қатерлер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін нұсқаулық жібердік” деді Азаттыққа Қазақстанның бас авиациялық инспекторы Дәулетбек Әділбекұлы.
Бас авиациялық инспектордың сөзінше, бұл қауіп-қатер “негізінен ұшқышсыз ұшу аппараттарынан болып тұр”.
Кейінгі уақытта Ресей аумағына, соның ішінде Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысына дрон шабуылдары жиілеген. Мәселен, бүгін 31 тамызда Мәскеу билігі қалаға ұшырылған дрондар құлатылғанын мәлімдеді. Дрондар шабуылынан соң қалада 130 рейс уақытша ұшпай қалды.
фото: travelq.ru
Be the first to comment on "Қазақстан Мәскеуге дрон шабуылы жиілеген тұста әуе компанияларға қауіпті бағамдауға кеңес берді"