Президент Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Елеусін Сағындықовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек  ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды “Тілші” Ақордаға сілтеме жасап.

Елеусін Сағындықов Президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Be the first to comment on "Президент Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Елеусін Сағындықовты қабылдады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*