Алматы әкімдігі «НеМолчи.kz» жетекшісін қолдау митингісін өткізуге рұқсат бермеді

ФОТО VOXPOPULI.KZ

Алматы әкімдігі «НеМолчи.kz» қорының жеткшісі Динара Смаилованы қолдау митингісін өткізуге рұқсат берген жоқ. Бұл жөнінде «КазФем» феминистік бастама тобы белсенділерінің бірі Вероника Фонова Instagram парақшасында хабарлады.

Әкімдік өкілдері 7 қаңтарда Шоқан Уәлиханов алаңында «құрылыс монтаж жұмыстары» жүргізілетінін, ал «Сарыарқа» кинотеатрының артында сол күні «мәдени-қоғамдық шара өтетінін» айтқан.

Осы аптада «НеМолчи.kz» қорының жеткшісі Динара Смаиловаға Қазақстанда іздеу жарияланып, сот оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Қазақстан полициясы белсендіге қарсы алты қылмыстық іс қозғаған.

Қылмыстық іске Смаилованың әлеуметтік желіде жариялаған зорлық-зомбылық құрбандары туралы және зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауға шақырған жазбалары түрткі болған деп айтылады. Тергеу кей жазбадағы ақпаратты жалған деп отыр.

Дина Смаилова қазір отбасымен бірге шетелде тұрып жатыр. Ол қозғалған істерді өзінің белсенділігімен байланыстырады. Құқық қорғаушының пікірінше, билік өзін қаралап, елде жазасыз қалып жатқан, кеңінен етек алған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жөнінде айтқан қорды жапқысы келеді.

azattyq.org

фото: voxpopuli.kz

Be the first to comment on "Алматы әкімдігі «НеМолчи.kz» жетекшісін қолдау митингісін өткізуге рұқсат бермеді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*