Саясат

Қырғызстан арнайы қызметі Райымбек Матраимовпен бірге оның үш бауырын ұстады

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов ұсталғанын растады. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі 27 наурызда хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, Матраимовты Бішкекке Әзербайжаннан ұшақпен жеткізген. Мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, Матримов «адамды еркіндігінен айырды», «қылмыстан түскен табысты заңдастырды» деген күдікпен ұсталған.

Бұған қоса, арнайы қызмет Райымбек Матраимовпен бірге оның үш бауыры – Руслан, Тілек және Исламбек ұсталғанын растады.

Матраимов Әзербайжанда жүргенін ҰҚМК 23 наурызда хабарлаған. Арнайы қызмет биыл қаңтардың аяғында оған іздеу жариялаған.

centralasian.org

фото: akipress.org

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *