Әлеумет

IBM мыңнан астам қызметкерін қысқартып, Қытайдағы зерттеулерін тоқтатады — БАҚ

Сурет: anodkatod.ru

Америкалық IBM компаниясы Қытайдағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат South China Morning Post-ке сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, IBM Қытайдағы China Development Lab және China Systems Lab-ты жауып, Бейжің, Шанхай және Далянь қалаларындағы 1 000-нан астам қызметкерді жұмыстан шығарады.

Қытайдағы Jiemian жаңалықтар сайтының сенбі күні хабарлауынша, IBM қызметкерлері демалыс күндері компанияның корпоративтік ішкі желісіне кіруге тыйым салынғанын анықтады. Қызметкрелердің қытайлық әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдарға сәйкес, Нью-Йорк штатындағы Армонкта орналасқан компанияның штаб-пәтерінде дүйсенбі күні таңертең өткен ішкі жиналыста жұмыс орындарын қысқарту туралы хабарланды.

«IBM өз тұтынушыларына ең жақсы қызмет көрсету үшін өз қызметін қажетінше бейімдейді және бұл өзгерістер Үлкен Қытай аймағындағы тұтынушыларға қолдау көрсету қабілетімізге әсер етпейді», — деп мәлімдеді IBM өкілі Post электрондық хатында қысқартулар туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермей.

IBM Қытайда жұмыс орындарын қысқартатын трансұлттық технологиялық компаниялардың біріне айналды. Биылғы жылы жаппай жұмыстан босату Қытайда телекоммуникация жабдықтарын жасаушы Ericsson, электр көліктерін өндіруші Tesla, сондай-ақ электрондық коммерция алыбы Amazon.com және микропроцессор өндіруші Intel сияқты компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлерге әсер етті.

«IBM компаниясының Қытайдағы сатылымы кейінгі жылдары тұрақты түрде төмендеп келді, — деп», — жазады South China Morning Post.

Компанияның жылдық есебіне сәйкес, IBM елдегі кірісі 2023 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 1,6% өсіммен салыстырғанда 19,6%-ға төмендеді. Сондай-ақ осы жылдың алғашқы алты айында Қытайдағы сатылымдар 5%-ға төмендесе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кіріс 4,4%-ға өсті, делінген IBM есебінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *