Әлеумет

Өзбекстанда сақалды азаматтарды тағы тексеріп жатыр

Өзбекстан СІМ ғимараты

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейінгі уақытта Өзбекстанда сақал қойғандарды тексеріп жатыр. Podrobno.uz басылымының мәліметінше, Ташкентте бірнеше ер азаматты сақал қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар Қызметі.

Мәліметтерге қарағанда, кейінгі бірнеше күнде Өзбекстандағы әкімшілік соттарда «жеке тұлғаның кім екенін анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бетін тұмшалап қоғамдық орындарға шығуға» қатысты бірнеше іс қаралған. Құқық қорғау органдарының тікелей бұйрығымен бірнеше ер азаматтың сақалын қыруға мәжбүрлеген.

Олардың дені діндар, қоғам белсендісі және өнер өкілі. Арасында шетел туристері, Париж Олимпиадасының чемпиондары да бар.

Олимпиада чемпиондарының бірінің Азаттықтың Өзбек қызметіне хабарлауынша, президентпен бейнебайланысқа шығу қарсаңында өзбек спортшыларына сақалды қырып тастауды тапсырған.

Өзбекстанға сапарлап келген неміс азаматы Ташкентте ішкі істер органдарының қызметкерлері оған үш жыл бойы өсірген сақалын қыруға мәжбүрлегенін әлеуметтік желіге жазған.

«Көшеде полиция қызметкерлері көп. Олар мені тоқтатты. Мен өзбек тілін білмеймін. Сол себепті олармен нашар білетін орыс тілімен сөйлестім. Сосын олар маған сақал қыру керектігін, болмаса өздері қырып тастайтынын айтты» деп жазды шетел турисі.

Өзбекстан ұлттық телерадиокомпания қызметкерлерінің бірінің айтуынша, өнер өкілдеріне сақалмен эфирге шығуға ауызша тыйым салынған. Мұндай тыйымның жекеменшік телеарналар қызметкерлеріне де қатысы бар.

Өзбекстан билігінің сақал мен хиджабқа қарсы науқанын халықаралық қауымдастық, соның ішінде АҚШ мемлекеттік департаменті жиі сынайды. Америкалық департаменттің былтырғы есебінде Өзбекстанда азаматтардың дін таңдау құқығын шектейтіні айтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *