Ресей думасының депутаты, “Әділетті Ресей – Ақиқат үшін” фракциясының басшысы Сергей Миронов Орталық Азия елдерінен келген мигранттарға орыс азаматтығын беруге уақытша мораторий енгізуді ұсынды, деп жазады Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.
“Әділетті Ресей – Ақиқат үшін” 2022 жылы да осындай ұсыныс жасаған, біз миграция саласына тәртіп орнату үшін жалғыз күрестік. Бүгін бұл салада мәселе ушығып тұрғанда, біз атсалысуымыз керек”, – деді ол өзінің Telegram-каналына.
Сергей Мироновтың пікірінше, “гастарбайтерлерге жаппай азаматтық беру коррупционерлер мен мафияларға ғана пайдалы”.
Be the first to comment on "Ресейде Орталық Азия тумаларына азаматтық беруді уақытша тоқтату ұсынылды"