Дональд Трамп Камала Харриспен жаңа дебат өткізбейтінін мәлімдеді

Фото: Reuters

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзінің бәсекелесі, Демократиялық партиядан үміткер Камала Харриспен енді сайлауалды пікірталасқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Үшінші пікірталас болмайды!» — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде бас әріппен.

Трамп маусым айында Джо Байденге қарсы бірінші дебатын өткізді, ол АҚШ президенті үшін сәтсіз болды.

Осы аптада Филадельфияда Трамптың Камала Харриске қарсы екінші сайлауалды дебаты өтті.

Көптеген саяси сарапшылар Трамп жеңді деп санағанымен Харристің сенімді әрі жақсырақ сөйлегенін атап өтті.

«Сауалнама сейсенбі күні кешке Демократиялық партияның кандидаты Камала Харриспен өткен дебатта жеңгенімді анық көрсетті және ол мені бірден екінші дебатқа шақырды», — деп жазады Трамп.

Оның айтуынша, боксшы жекпе-жекте жеңіліп қалғанда оның аузынан шығатын алғашқы сөз — «маған реванш керек».

Республикалық партия үміткерінің айтуынша, «Камала мен Джо [Байден] туғызған мәселенің бәрі маусым айында Байденмен бірінші дебатта, содан кейін Харриспен екінші пікірталас кезінде егжей-тегжейлі талқыланған», сондықтан «үшінші дебат болмайды».

 

TilshiNews.kz интернет-басылымында жарнамалық және имидждік сипаттағы контент жариялау мүмкіндігі бар.

Бізді белсенді адамдар, бизнес және билік, азаматтық қоғам және медиа өкілдері оқиды.

+7 778 523 44 96
tilshi.media@gmail.com

Be the first to comment on "Дональд Трамп Камала Харриспен жаңа дебат өткізбейтінін мәлімдеді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*