Company

Қазақстандық мұнай сервисі халықаралық нарыққа шықты

Қазақстанда жасалған «Satti» өздігінен көтерілетін қалқымалы теңіз бұрғылау қондырғысы Каспий теңізінің Түрікменстан секторында жұмысқа кірісті, деп «Тілші» ҚазМұнайГаз баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Satti» қондырғысы 6000 метр тереңдікке дейін бұрғылай алады және 680 тонна жүк көтере алады. Ол Шелекен кен орнында Dragon Oil Turkmenistan Ltd компаниясы үшін жұмыс істейтін болады.

Осыған байланысты «KMG Drilling and Services» компаниясы Ашхабадта өз филиалын ашты. Бұл қадам Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайта түспек.

Айта кетелік, «KMG Drilling & Services» ЖШС — 2008 жылы ашылған ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы. Каспий теңізінің қазақстандық секторында бұрғылау қызметтерін көрсететін жетекші кәсіпорын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *