Әлеумет

5 бала қаза тапты: Қостанай облысында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті

Бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, шатыры опырылып түскен. Салдарынан 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды «Тілші» Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кірісті. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмаған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.

Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады,

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек те беріліп жатқаны айтылды.

ТЖМ тұрғындардан кәмелетке томаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *