Ақтөбеде емші Сұлушаш Қазбаева ұсталды
Ақтөбеде жергілікті жұрт «Сұлушаш емші» деп танитын Сұлушаш Қазбаева ұсталды. Ол кемінде 30 адамды гипнозбен арбап, миллиондаған теңге несие алдыртқан. Қазбаеваға «Алаяқтық» бабымен айып таққан Ақтөбе полициясы әзір келтірілген шығын көлемін нақты айта алмай отыр. «Сұлушаш емшіден» зардап шеккендердің басым көпшілігі — әйел адамдар. Айтуларынша, дертіне дауа іздеп барып, миллиондаған қарызды арқалап қайтқан. Сәрсенбі, 22

