Aqtobe Day Әлеумет

Тікұшақ апатынан көз жұмған Батыр Оразымбетовтың артында 2 баласы қалды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысындағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат салдарынан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапты.

Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы «ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар» мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен. Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады. Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан.

Биылғы жылдың көктемінде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған. Үйленген, артында екі баласы қалды.

Бүгін, 9 қарашада Ақтөбенің іргесіндегі аэродромда Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады. Бір адам көз жұмып, екі адам ауруғанаға түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *