Aqtobe Day Әлеумет

Темірлан Жолдыбай, эковолонтер: «Эко мәдениетті балабақшадан бастап қалыптастыру керек»

Темірлан Жолдыбай – Eco Madeniet эко волонтерлық қозғалысының негізін қалаушы. Өзі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде шет тілдер факультетінің 1 курсында оқиды. Жақында ғана «ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ – 2024» халықаралық премиясында «ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» жобасының «Экология» бағыты бойынша “Эко-қорғаушы» номинацияның иегері атанды.

Eco Madeniet – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негізделген эко-волонтерлар қозғалысы. Құрамында 500-ден аса ақтөбелік жас бар. Темірлан 2022 жылы эко-қозғалыстың негізін қалаған. Бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында құрылған. Алғаш құрылғанда атауы “Save Aktobe” (ағылшыншадан аудармасы: Ақтөбені сақтап қалу) еді. Темірлан эко-қозғалыс мақсатында қаламыздағы жалғыз эко-кеңесші Айман Сексеновамен бірлесе жұмыс істеген. Бүгінде Айман Сексенова эковолонтерлардың тәлімгері. Эко кеңесші оларға эко мәдениет жайлы түсінік қалыптастырып, қоқыс сұрыптауды үйреткен. Бұдан кейін “Save Aktobe” деген атау өзгертіліп, көпшілікке түсінікті болу үшін “Eco Madeniet” деп ауысқан.

— Эко қозғалысқа кез келген адам қабылдана ма?

— Эко-қозғалысқа кез келген адам мүше бола алмайды. Ең әуелі, іріктеуден өтуі керек. Жай ғана досына еріп келетіндерді емес, шын жүректен экологияға жаны ашитын, Ақтөбені тазартуға үлес қосамын деген жастарды қабылдаймыз. Инстаграм парақшамызда сілтеме бар. Үміткер сілтемедегі сұрақтарға жауап беруі керек. Жауабына қарай іріктеуден өтеді.
 

Дана Ниязова, актриса: «Өнер адамы қарапайым, жаны таза, бала сияқты болуы керек»

Дана Ниязова, актриса: «Өнер адамы қарапайым, жаны таза, бала сияқты болуы керек»


 
— Сенбілік пен эко сенбіліктің қандай айырмашылығы бар?

— Эко-сенбілікте қоқыс, қалдықтар сұрыпталады. Бірақ бұл тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Көптеген ұйымдармен, оқу орындарымен меморандум жасастық. Англия университетімен бірлесе шаралар ұйымдастырдық. Біздің жастарымыз сол жаққа жеңілдікпен оқуға түсе алады. Ақтөбе футбол клубымен меморандумымыз бар. Яғни әр матчтан кейін стадионды қоқыстан тазартамыз. Сүйікті командамыздың ойынынан соң стадионды шашып кету дұрыс емес. Сондықтан жанкүйерлердің арасында эко мәдениетті қалыптастырамыз. Біздің жұмысымыз эко сенбілік өткізумен шектелмейді. Мектептерге де шақыртумен барып тұрамыз. Оқушылармен эко мәдениет жайлы тренингтер мен шеберлік сабақтар өткіземіз. Ақтөбеде аллюминий банкалар мен пластик бөтелкелерді қабылдайтын фандоматтар орнаттық. Қаладағы ірі ойын-сауық орталығында, аэропортта және кейбір мектептерде фандоматтар бар. Мұның бәрі арнайы бір базада жиналып, қайта өңдеуге тапсырылады. Қаламыздағы саябақтарда эко-жәшіктер бар. Қыста волонтерлар сабақта болады. Әрі дала салқын болғандықтан жұмыс тоқтап қалмауы үшін жүрек пішінді эко-жәшіктерді орнаттық.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Шалқарда мектеп директорлары бөлім басшысына 1,5 млн тг жинап берген: Ауданның "бас ұстазына" сот үкімі шықты

— Қалдықтар қалай сұрыпталады?

— Шыны, макалатура, аллюминий банкалары мен пластик бөтелкелер бөлек сұрыпталады. Волонтерларға елімізде пластиктің 7 түрі, ал әлем бойынша 20-дан аса түрі бар екенін айтып түсіндірген едік. Қайта өңдеуге болатын, болмайтын түрлері де болады. Мұны дәл солай оқушыларға тренинг кезінде де айтып түсіндіреміз.
 

Азамат Әбілқайыр, тележүргізуші: «Қазір көп сөздің емес, дөп сөздің заманы»

Азамат Әбілқайыр, тележүргізуші: «Қазір көп сөздің емес, дөп сөздің заманы»


 
— Қаланың қай көшелері лас екен?

— Қаланың 11 және 12 шағын аудандары таза деуге болады. Себебі қаланың орталығы ғой. Бірақ қаланың ескі бөлігі мен базардың аумағында үнемі қоқыс шашылып жатады. Қоқысты қоқыс жәшігіне тастаңыз. Болмаған жағдайда үйіңізге ала кетіңіз. Қазақстанда да, әлем бойынша да ең көп кездесетін қоқыс түрі – пластик заттар. Әсіресе, пластик бөтелкелер. Қала тұрғындары сусынды ішіп тауысқаннан кейін бөтелкенің өзін немесе пакетке орап лақтыра салады. Жолда кетіп бара жатып, терезесінен тастайды. Пластик 500 жылда ыдырайды. Тіпті күн сәулесінің әсерінен пластик өртенуі де мүмкін. Сондықтан экологияны, қоршаған ортаны ойлайық.

— Ақтөбеліктердің эко мәдениеті қандай?

— Тұрғындардың эко мәдениеті жоғарылап келеді. Ай сайын бізді шақыратын мектептер көбеюде. Экология – бұл біздің денсаулығымыз, болашағымыз. Сондықтан эко мәдениеттің маңызын түсіну керек. Таза Қазақстан акциясы өтті, фандоматтар орнатылды. Бұл – өте жақсы! Басты мәселе – қалдықтарды сұрыптау. Себебі қоқыс полигонында жиналатын қалдықтар сұрыпталмайды. Барлығы араласып жатқандықтан химиялық реакциялар пайда болады. Қаламызда қалдықтарды қайта өңдеу зауыт ашылса екен. Қазақстанда мұндай зауыт Шымкент пен Алматы қалаларында бар.

— Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз.

— Алдағы жоспарымыз — республикаға, ТМД елдеріне “Eco Madeniet” эко қозғалысын жоғары деңгейге шығару. Меніңше, біздікіндей эко қозғалыс Қазақстанның барлық қаласында болуы керек. Эко волонтерлық ұйымдар бар. Көбісі ағаш отырғызумен, зооеріктілікпен айналысады. Ал бізге қоқысты қайта өңдеу, сұрыптау керек. Эко мәдениетті балабақшадан қалыптастырған жөн.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Металлурги и шахтеры собрали более одного миллиона тенге на «Ярмарке добра»

Марат Төлепберген, «Тілші»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *