Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде абысындар арасында төбелес шығып, екеуі де сот алдында жауап берді

Фото: azh.kz

Актөбеде бір үйдің келіндері – жас абысындар, бір-бірімен төбелесіп, сотқа дейін барды, деп хабарлайды «Тілші» time.kz сайтына сілтеме жасап.

Жастар қайын енесінің үйінде қонақта отырып, болмашы нәрседен сөзге келіп қалған. Алайда кикілжің тек сөзбен шектелмей, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Абысындар бір-бірін итеріп, шаштан тартып, ұрысып қалған.

Кейін екеуі де полицияға арыз жазып, мәселе Актөбедегі №2 сотта қаралды.

Сотта екі жақ та бір-бірін ұрып-соқты деп айыптап, өз кінәсін мойындаудан бас тартты.

Дегенмен, куәгерлердің түсініктемесінен кейін сот екі абысынның да кінәсі бар деп шешіп, әрқайсысына 98 300 теңге айыппұл салды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде мектеп оқушысының өліміне қатысты 3 іс қозғалып, 2 күдікті қамауға алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *