Aqtobe Day Әлеумет

Шахаров: 9-сынып оқушысының жүктілігін байқамаған дәрігерлер мен мұғалімдер жұмыстан босатылды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров дәрігерлер мен мұғалімдердің немқұрайлылығынан туындаған жан түршігерлік оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Тілші».

Облыс әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш дерек бойынша арнайы комиссия құрылғанын айтты.

«Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар жүргізіліп жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша біз тексеру жүргізген және оқушының жағдайын ерте сатыда анықтауы тиіс болған мамандарды қызметінен шеттету туралы шешім қабылдадық. Аудандық білім бөлімінен бастап, бірқатар қызметкерлер жазаланды. Олар өз лауазымдарынан босатылды,» – деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, оқиға 13 қазанда Ойыл ауылында болған. Іші ауырған 14 жастағы қызды тексерген дәрігерлер оның босанып жатқанын анықтаған. Айта кетерлігі, оған дейін оқушы үш рет медициналық тексеруден өткен, бірақ ешкім жүктілікті байқамаған. Тергеушілер баланың әкесі – 64 жастағы қыздың әжесімен бірге тұратын, өгей атасы екенін анықтады. Күдікті педофилия бабы бойынша қамауға алынды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысында оқушы қыз босанды: Күдікті ретінде әжесінің күйеуі қамауға алынды
КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде 14 жасында босанған оқушының әжесі жол апатынан қаза тапты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *