Ақпарат

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Ұлттың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық аңсаған тәуелсіздігін, ата-баба дәстүрін, ана тілін сақтау үшін ұмтылады.

Мемлекеттік тіл — мемлекеттігіміздің негізгі тәуелсіздік нышанының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан оған немқұрайлы қарауға мүлдем болмайды. Адам тіл арқылы бір-бірімен байланыса алады. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – барлығы дерлік қазақ тілінде.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атамыз айтқандай «Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі». Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарауымызға болмайды.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет атамыз ХХ ғасырдың басында «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл деп айтқан болатын. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады». Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, Ахмет Байтұрсынұлы атамыз «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» деген еді, әйтсе де біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз.

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл екендігі баршаңызға мәлім. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады деген болатын. Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық берілетіні анық. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл.

Тіл ақылдың — өлшемі. Тіл — адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз де бар емеспе. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден алыстап кетпеуіміз керек.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да — тіл. Ол — қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер — мәңгүрт.Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі.

Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда, үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметі мол болуы тиіс. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, тама-тама тамшыдан дария болар дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деп ойлаймын.

Еліміз тәуелсіздік жолының жиырма төртінші жылына қадам басқалы тұр, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде мені тіліміздің қазіргі жайы толғандырады. Әсіресе, жастар, өкінішке орай, ана тіліне менсінбей қарауға әуес. Бүгін біздің ортамызда неге өз ана тілін білмейтіндер көбейді?

Көшеде жүрген екі қазақтың бірі орыс тілінде сөйлейді, дүкенде де, қоғамдық орындарда да жүрсек көретініміз – осы. Жасы да, кәрісі де тілін бұрап, орыс тілінде сөйлеп жатқаны. Не себептен өз ана тілінде ойын жеткізуге үйренуге тырыспайтыны мен үшін түсініксіз. Осылай тізе берсең қазақ тілінің бүгінгі жайы, ақын тілімен айтқанда, «Мың өліп, мың тірілген» қазақ ұлтының дәл өзі сияқты.

Белгілі ғалым Махмұд Қашқари «Тәрбие басы – тіл» деп көрсетеді. Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан басталатыны рас, патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Тіл туралы айтылғандардың бәрі желге ұшып, қоқысқа айналмасын десек, әр қазақ өз шаңырағында ағарту ісімен айналысса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ғана әр адамның санасында ұлттық намыс, патриоттық жігер оянар еді. Сөйтіп, ол да ана тілін қадірлеуге, сыйлауға, ұмытпауға, патриоттық сезімнің оянуына ат салысар еді.

Қазақ халқы «Отан» ұғымын балалық бойына екішкентай кезінен сіңіруге тырысқан, оны туған жер, ана тіл, атамекен ұғымдарымен байланыстырған. Отан-отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырақтан, ана тілінен басталған. Бірақ, қазіргі жастардың көбі мұны білмейді, түсінбейді. Сондықтан да мен тіліміздің өзекті мәселелерінің өзегін жастар бойындағы намыстың, патриоттық қасиеттердің жоқтығымен байланыстырамын. Олай болса, жастар арасындағы ұлттық патриоттық тәрбиеге мән беру қажет. Нағыз патриот әрқашан ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп, өз ұлтының құндылықтарын басқа біреулердің тепкісіне ешқашан бермейді деп ойлаймын.

«Елге деген сатқындық оның болашағына сенбеуден басталады. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол – ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да» мемлекет басшысы айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, сонымен қатар білім ордаларынан бастау алуы тиіс. Адам баласы тек қана білім арқылы дүниенің құпия сырын ашады. Білімнен тағылым алып, болашағын болжап, келешегіне бағыт белгілейді. Білім алдымен тіл арқылы игеріледі. «Тіл бесікте бекиді, үйде қалыптасады, бойға ұялайды, шаңырақта шыңдалады, мектепте дамиды, сөйлегенде жетіледі, жазғанда қалыптасады».

Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Осындай маңызды мәселені еліміздің кез келген азаматы түсінсе, жүрекпен сезіне білсе, біздің қоғамдағы тіліміздің мәртебесі де асқақтай түсер еді.

Ойымды қорыта келе айтарым, Тілсіз ұлт болмайды, қазақ тілі қаншалықты дамыса, қазақ еліміз соншалықты дамымақ. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық қана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, ай-жұлдызымыз оңынан туып тұрған шақта осы рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы – қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет.

Қазақ тіліне деген құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтерген жөн. Бұл міндет – сіз бен біздің перзенттік парызымыз. Мемлекеттік тілді құрметтеу Қазақстан азамат­тарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік пен сыйламаушылық іс-әрекеттері және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер заң бойынша жазаға тартылады.

Қ. Салауатқызы, М.Бөкенбаев атындағы АЗИ Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *