Ақтөбеде жанармай құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті
Ақтөбеде Едіге батыр даңғылындағы автогаз құю станциясында жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарады. Видеода көбікке малынып, күйіп кеткен көлік пен жанында жүрген өрт сөндірушілер көрінеді, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеме жасап. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт газ баллонын (25 литрлік тұрмыстық баллон) толтыру кезінде шыққан. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі,

