Хромтауда тоңазытқыштан адамның басы табылды
Хромтау қаласында тоңазытқыштан адамның басы табылды. Қанды қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынған, деп КТК арнасына сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды. Сұмдық жағдай Хромтау қаласында болған. Осыдан бір ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен жергілікті тұрғынға іздеу жарияланған еді. Қыркүйекте жоғалған адамның бөлшектелген денесі салынған пакеттерді тәртіп сақшылары қала сыртындағы кен қалдықтарының арасынан тауып алған.

