Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы пробация шартын бұзғаны үшін абақтыға қамалды
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарап, ол пробация талаптарын бұзған деген шешім шығарды, деп Азаттыққа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды. Судья Қанат Арынов бостандығы шектелген Нұрасыл Болаттың жазасын бас еркіндігінен айыру жазасына ауыстырды. Нұрасыл Болат пробация шартын үш мәрте бұзған деді сот. Сот шешіміне сәйкес, депутаттың ұлы

