Мұғалжар ауданында ер адам Жем өзеніне батып кетті
13 шілде күні сағат 16:10-да төтенше жағдайлар департаментіне Жем өзенінде ер адамның батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды «Тілші». Оқиға орнына дронмен құтқарушылар жіберілген. Алайда, олар жеткенше жергілікті тұрғындар 53 жастағы ер адамның денесін өз күштерімен судан алып шыққан. Марқұмның денесі
