Тиндердегі «Нұрай» астаналық жігітті 4 миллион теңгеге тақырға отырғызды
Астанада ғаламтор арқылы оңай олжа таппақ болған 20 жастағы жігіт сот алдында жауап берді. Ол танымал Tinder қосымшасында өзін «Нұрай» деп таныстырып, аңғал азаматты алдап соққан, деп хабарлайды «Тілші» Бас прокуратураға сілтеме жасап. Жәбірленуші виртуалды сұлудың артында ер адам тұрғанын мүлдем сезбеген. Қулыққа барған жас жігіт алдымен Tinder желісінде «Нұрай» деген қыздың атымен тіркелген. Артынша

