Отбасы банк зейнетақы артығын беруді шұғыл тоқтатты
Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының артық бөлігін емделуге пайдалана алмайды. «Отбасы банк» 12 қаңтардың кешінен бастап медициналық қызметтер ақысын төлеуге өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Тілші». Банк өкілдерінің хабарлауынша, қаржы ұйымы Денсаулық сақтау министрлігімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ережелерді қайта қарастырады. Банк бұл қатаң қадамға желтоқсан айындағы күдікті белсенділіктен кейін барды. 2025

