Ақтөбеде алаяқ бастық пен пара берген офицерлер сотталды

Ақтөбе гарнизонының әскери соты шулы іске нүкте қойды. Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің лауазымды тұлғасы алаяқтық жасағаны үшін, ал тағы төрт әскери қызметкер пара бергені үшін жаза арқалады, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп. Сотталушылар орындығында департаменттің кадрлар және саптық бөлімшесінің бастығы мен Тараз, Талдықорған, Астана қалаларынан келген офицерлер отырды. Іс материалдарына сүйенсек, департаменттің 25

Толығырақ

Ақтөбеде 200-ге жуық жасөспірім полицияға түсті

Ақтөбе облысының полицейлері оқушылар мектепке оралған сәтте бақылауды күшейтті. Тәртіп сақшылары қысқы демалыстан кейінгі алғашқы күндері балалардың қауіпсіздігін жіті назарға алды, деп хабарлайды «Тілші». Полиция қызметкерлері қазір мектеп маңында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және балалар көп жиналатын орындарда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыс аумағында 3-7 қаңтар аралығында «Демалыс» жедел алдын алу шарасы өтті. Арнайы рейд

Толығырақ

АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 66 халықаралық ұйым, агенттік және комиссия құрамынан шығу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Bild басылымына сілтеме жасаған «Тілші» хабарлады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми мәлімдемесінде Трамп әкімшілігі аталған институттарды «артық, нашар басқарылатын, қажетсіз, ысырапшыл әрі тиімсіз» деп бағалағаны айтылған. Сонымен қатар бұл құрылымдардың кейбірі «жеке мүдделерді көздейтін адамдардың ықпалына түскен» немесе

Толығырақ

«Хакер емес, алаяқ»: Атыраудағы жоғалған отбасының ісіне киліккен адам іздеуде жүр

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының ісі қоғамда үлкен дау туғызды. Әлеуметтік желіде өзін «хакермін» деп таныстырып, қылмысты жеке дара ашқанын мәлімдеген азаматтың сөзі жалған болып шықты. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, интернет батырының шын мәнінде кім екенін айтты, деп хабарлайды «Тілші» tengrinews.kz сайтына сілтеп. Желіде тараған видеода белгісіз біреу ашық дереккөздер мен SIM-карталарды талдау арқылы

Толығырақ

54 жасында қазақстандық актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

Қазақстандық актер Мұрат Бисембин 54 жасында дүниеден өтті. Ол «Рэкетир» фильмі мен басқа да көптеген кинотуындылардағы рөлдері арқылы көрерменге кеңінен танылған. Марқұм соңғы жылдары ұйқыбез қатерлі ісігімен күрескен. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жақындары мен әріптестері растады. Мұрат Бисембин қазақстандық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Көрермен жадында ол жарқын бейнелерімен сақталады.

Толығырақ

Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қайда келе жатқанын Yandex Go қосымшасынан бақылай алады

Ақтөбе тұрғындары енді дәрігерлерді күтіп, терезеден телміруді қояды. Қала халқы жедел жәрдем көлігінің қозғалысын тікелей Yandex Go қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Isker Tilshi Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. Бұрын мұндай қызмет тек арнайы сілтеме арқылы браузерде ғана қолжетімді еді. Енді Yandex Qazaqstan компаниясы Ақтөбе әкімдігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп,

Толығырақ

Былтыр Ақтөбе облысында 658 кәмелетке толмаған бала іздеуде болды

2025 жылы Ақтөбе облысында жоғалған адамдарға байланысты полицияға 1 375 өтініш түсті. Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде олардың басым бөлігі табылды. Қазір тек екі адам ғана іздеуде қалып отыр. Өткен жылы жоғалған 658 кәмелетке толмаған баланың барлығы аман-есен табылып, ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қайтарылды. Балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жоқ. Жоғалған адамдарды іздеуге Zello

Толығырақ

Венесуэла АҚШ-қа 2 миллиард доллардың шикізатын береді

Венесуэладағы саяси дағдарыс Вашингтонмен экономикалық ынтымақтастыққа ұласты. Оңтүстік Америка елінің уақытша үкіметі Америка Құрама Штаттарына аса ірі көлемде мұнай беруге келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Тілші». Ақ үй басшысы жасалған келісімге дән риза. Оның айтуынша, бұл келісім екі ел қарым-қатынасының жаңа парағын ашады және ұзақ уақыт

Толығырақ

Досаевтың жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге тапқан

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева күйеуінен 165 есе көп табыс тапқан. Бұл деректер президент әкімшілігі қызметкерлерінің 2024 жылға арналған кіріс декларациясында көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz. Гүлнәр Досаева 2,3 миллиард теңге болатын табысын көрсеткен, ал оның жұбайы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, 14 миллион теңге ғана декларациялаған. Президент әкімшілігінің басқа да бірқатар қызметкерлерінің табысы

Толығырақ

Үкімет жекеменшік білім ордаларының «арам ойынын» әшкереледі

Премьер-министр Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен емханаларды қаржыландыру жүйесін түбегейлі өзгертуді тапсырды. Үкімет басшысы бюджет қаржысын жымқырудың «көлеңкелі схемаларын» сынға алып, қымбат оқу орындарына мемлекеттен көк тиын бөлінбеуі керек екенін кесіп айтты, деп хабарлайды «Тілші» Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп. Жиында Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіндегі олқылықтарды жою міндеттелді. Мемлекет

Толығырақ