Жолаушылардың шағымынан кейін Ақтөбе-Маңғыстау пойызы толықтай жаңарды
Енді «Ақтөбе — Маңғыстау» бағытындағы жолаушыларды ескі емес, отандық өндірістен шыққан су жаңа вагондар тасымалдайды, деп хабарлайды «Тілші» Көлік министрлігіне сілтеп. Бұған дейін халық аталған бағытта қатынайтын пойыздардың техникалық жағдайына жиі наразылық білдіретін. Осы уақытқа дейін бұл бағытта «Otpan Logistik» жеке компаниясы қызмет көрсетіп келген еді. Алайда тасымалдаушы вагондарды жаңарту жөніндегі міндеттемесін орындамады. Министрлік халықтың

