Ақтөбе полицейлері мектеп оқушыларымен кездесуді жиілетті
Ақтөбеде полицейлер №6 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға кезекті қауіпсіздік сабағын өткізді, деп хабарлайды Tilshinews.kz. Кездесу барысында тәртіп сақшылары бірнеше сыныптың оқушыларымен жүздесіп, жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарын түсіндірді. Полицейлер балаларға қауіпсіздік талаптарын есте сақтаудың маңызын ескертіп, тәртіп, жауапкершілік және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау мәдениетіне тоқталды.
