Ақтөбеде қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады
Оқиға сенбі күні болды. Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде өз-өзіне қол жұмсаған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. — Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Темір

