Смайылов Даму банкінің жұмысын қатты сынға алды

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс мінберінен ащы шындықты айтты. Оның пікірінше, Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) әлі күнге дейін қарапайым кәсіпкерлерге емес, тек «таңдаулыларға» қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz сайтына сілтеп. Бүгін палата басшысы депутаттарға бизнесті қолдау шараларының тиімділігі туралы есеп берді. Смайыловтың сөзінше, мемлекеттік қолдау жүйесі бытыраңқы, ал операторлар өз ережелерін орнатып

Толығырақ

Түркияда ливиялық генерал отырған ұшақ апатқа ұшырады

Түркия билігі сейсенбі күні Анкара әуежайынан ұшып шыққан ұшақпен байланыс үзілгенін хабарлады. Ұшақ бортында Ливия қарулы күштерінің жетекшісі және тағы төрт жолаушы болған, деп жазады Азаттық. Кейін ұшақтың бөлшектері табылғаны хабарланды. Falcon ұшағымен байланыс Анкарадан 74 шақырым жердегі Хаймана елді мекені аумағында үзілді деп хабарлады Түркия қорғаныс министрі Әли Ерлікай X желісінде. Оның сөзінше, бизнес-джет

Толығырақ

KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

Астанада KazTAG халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов тұтқындалды. Полиция журналисті Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу амалдарына шақыртып, сол жерде қамауға алды, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы агенттіктің бас директоры Әсет Матаев мәлімдеді. Ол әріптесінің ұсталуын заңсыздық деп бағалап, бұл істің артында нақты тұлғалар тұрғанын ашық айтты. «Сағат 19:00-де адвокаттар Әмір Қасеновтің ұсталғанын хабарлады.

Толығырақ

Асхат Шахаров Жаңа жыл қарсаңында бағаны негізсіз өсіргендерді жазалауды тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын қатаң бақылауға алуды бұйырды. Өңір басшысы мереке алдында саудагерлердің бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеуді талап етті, деп хабарлайды «Тілші» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. Облыс әкімдігінде өткен жиында мерекелік қарбалас кезіндегі баға саясаты сөз болды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазір жағдай тұрақты. Мәселен, 9–17 желтоқсан

Толығырақ

Шетелдік көліктерге жалған сақтандыру құжатын рәсімдеген ақтөбелік әйел ұсталды

Ақтөбеде арнайы ХҚКО тұрағында заңсыз құжат саудасымен айналысқан әйел қолға түсті. Ол жүргізушілерге заңды күші жоқ жалған сақтандыру полистерін сатып келген, деп хабарлайды «Тілші». Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 47 жастағы күдіктіні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел шарасы кезінде ұстады. Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істеді? Күдікті негізінен шетелдік есепте тұрған көлік иелеріне

Толығырақ

Илон Масктың байлығы 700 миллиард доллардан асты

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлем тарихында тұңғыш рет 700 миллиард долларлық межені бағындырды. Бұған АҚШ-тың Делавэр штаты Жоғарғы сотының шешімі тікелей әсер етті, деп хабарлайды Isker Tilshi. Financial Times басылымының жазуынша, сот бизнесменге тиесілі қомақты сыйақыны (компенсациялық пакетті) қайтару туралы үкім шығарды. Мәселенің мәнісі мынада: 2018 жылы Tesla акционерлері Маскқа арналған

Толығырақ

2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі

Қазақстан үкіметі келесі жылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ауқымды қаражат бөлмек. 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері бірден 10 пайызға артады, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz. Қазынадан қанша ақша бөлінеді? Вице-премьердің айтуынша, әлеуметтік төлемдерді индексациялау – мемлекеттік қолдаудың маңызды бөлігі.

Толығырақ

Жемқорлардан қайтқан қаржының игілігі: Мұғалжарда су жаңа емхана ашылды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында қуанышты жағдай. Жарық ауылының тұрғындары енді заманауи медициналық пунктте ем қабылдайды. Бұл – заңсыз активтерді мемлекетке қайтару есебінен бой көтерген өңірдегі тоғызыншы нысан, деп хабарлайды «Тілші» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. Бұл әлеуметтік нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Құрылысқа және ғимаратты соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге арнайы

Толығырақ

«Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде саудаға шығарылды

Ақтөбелік жанкүйерлер тағатсыздана күткен жаңалық. Елдің бес дүркін чемпионы – «Ақтөбе» футбол клубы бүгін ресми түрде саудаға түсті. Мамандар клубты 364,3 миллион теңгеге бағалады, деп хабарлайды «Тілші». Бүгін облыстық мәслихат депутаттары көпшілік тыңдау өткізіп, аймақтың бас командасын жекешелендіру мәселесін талқылады, деп жазады ҚазАқпарат. Қаржы басқармасының басшысы Ерік Тұрсынғалиевтің айтуынша, аукциондағы алғашқы баға нақ осы сомадан

Толығырақ

Ақтөбеде қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады

Оқиға сенбі күні болды. Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде өз-өзіне қол жұмсаған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. — Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Темір

Толығырақ