Ақтөбе әуежайы алғаш рет 1 000 000-шы жолаушыны күтіп алды

Бүгін Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд тіркелді. Әуежай ұжымы бір жыл ішіндегі миллионыншы жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды «Тілші». Бұл құрметті статус ақтөбелік жас спортшы Сезім Сұлтановаға бұйырды. Қуаныш иесі Астана қаласынан джиу-джитсу жарысынан қола жүлде алып, жеңіспен оралған екен. Жолаушы үшін бұл нағыз тосынсый болды. «Астанадан келе жатырмын.

Толығырақ

Үшінші рет мас күйінде ұсталған ақтөбелік жүргізуші 5 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Toyota Sienna көлігін тоқтатты. Тексеру барысында 32 жастағы жүргізушінің есірткіге еліткені және оның бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны анықталды, деп хабарлайды «Тілші». Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын жүргізушінің оғаш қылығы мен сыртқы келбеті аударған. Күдік расталып, медициналық сараптама оның есірткі заттарының әсерінде болғанын көрсетті. Тергеу барысында ұсталған азаматтың

Толығырақ

Ақтөбе облысында тас жол жабылып, 100-ге жуық жолаушыны пойыз жеткізді

Қолайсыз ауа райы салдарынан Ақтөбе – Астрахань тас жолы жабылды. Жолда қалған адамдарға Ұлттық тасымалдаушы көмек қолын созып, оларды діттеген жеріне жеткізді, деп хабарлайды «Тілші». «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компания жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастырды. Бүгін, 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы жолда қалған жолаушыларды вагондарға қабылдады. Пойыз келесі станциялардан

Толығырақ

Жыл қорытындысы: 2025 жылы TikTok-та қазақстандықтарды не және кім шабыттандырды?

2025 жыл TikTok үшін жаңалықтарға толы кезең болды: шабытқа толы оқиғалар, шағын бизнес пен қолданушылардың сүйіктісіне айналған талантты креаторлар, қазақ мәдениетінің байлығы мен елдің таусылмас шығармашылық әлеуетін жаңа қырынан көрсеткен контент – осының бәрі платформаның биылғы келбетін айқындады. Биыл пайдаланушылардың жүрегін кімдер жаулап алды? Қазақстандық болмысты айқын жеткізіп, миллиондаған көрерменнің назарын аударғандар кімдер? Қандай жобалар

Толығырақ

«Көптен күткен бейбітшілік орнауы мүмкін»: Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен халықаралық форумда маңызды саяси мәлімдеме жасады. Президент Қазақстанның Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған келіссөздер процесінің жандануын толық қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды «Тілші». Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы ірі державаларды саяси ерік-жігер танытып, ауқымды диалогқа көшуге шақырды. Анкоридж кездесуі және үміт Президент өз сөзінде әлемдік саясаттағы соңғы оқиғаларға, атап айтқанда Ресей мен

Толығырақ

«Шындық үшін күресуді үйрендім»: Айбек Смадияров СІМ-дегі қызметінен кетті

Еліміздің ең беделді баспасөз хатшыларының бірі Айбек Смадияров Қазақстан Сыртқы істер министрлігіндегі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Тілші»  KazTAG агенттігіне сілтеп. Министрліктің ресми өкілі журналистермен қоштасу сәтінде 8 жылдық тәжірибесі мен алған әсерімен бөлісті. «Осы мінберде тұрғаныма сегіз жыл болды. Қанша дайындалсам да, бәрібір қобалжу болатын. Әр брифингке келерде: «Осы жолы сұрақтар жеңіл болса екен» деп

Толығырақ

Papa John’s Қазақстан нарығынан кетті

Америкалық әйгілі Papa John’s пиццериялар желісі Қазақстан нарығындағы жұмысын тоқтатты. Компанияның жабылуына ұзаққа созылған қаржылық қиындықтар себеп болды, деп хабарлайды Isker Tilshi. Бұл туралы ресторатор Данияр Монолбаев Facebook парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадамға бару оңай болмаған. «Біздің компания Қырғызстан мен Қазақстандағы Papa John’s мастер-франчайзиі ретіндегі қызметін аяқтады. Бұл – кірістің ұзақ уақыт бойы азаюына,

Толығырақ

Қайтарылған активтердің игілігі: Шалқардың қос ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында қуанышты жағдай. Бершүгір және Кішіқұм ауылдық округтерінде заманауи медициналық пункттер ел игілігіне берілді. Әлеуметтік нысандар мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер мен облыстық бюджет есебінен бой көтерді, деп хабарлайды «Тілші». Бұл нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Енді Сарысай және Шоқысу ауылының тұрғындары алғашқы медициналық көмек алу үшін аудан орталығына

Толығырақ

Ақтөбеге Даниядан ұшақпен 495 бас асылтұқымды сиыр жеткізілді

Ақтөбе облысының сүт өндірісі жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Мәртөк ауданындағы «Айс» компаниясы Даниядан арнайы әуе рейсімен 495 бас голштин-фриз тұқымды сиыр алдырды, деп хабарлайды Isker Tilshi. Қазіргі таңда шетелден келген ірі қара карантиндік бақылаудан өтіп жатыр. Бұл қадам – Мемлекет басшысының агроөнеркәсіпті дамыту тапсырмасы аясында жүзеге асқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл

Толығырақ

«Тауар кері қайтарылмайды» деген заңсыз: Сапасыз зат алсаңыз, не істеу керек?

Дүкен сөресіндегі баға мен кассадағы баға сәйкес келмесе, кімдікі дұрыс? Сапасыз пластикалық терезе орнатқан компания ақшаны қайтарғысы келмесе ше? Тұтынушылардың жиі кездесетін мәселелеріне Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы Ақбота Жұмамұрат жауап берді, деп хабарлайды «Тілші». Маманның айтуынша, даудың көбі азаматтардың заңды білмеуінен немесе қарапайым қателіктерден туындайды. Ең басты қателік –

Толығырақ