Депутат Данияр Қасқарауов Қонаев қаласын дамыту мәселесін көтерді
ҚР Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов Қонаев қаласының даму қарқынына алаңдаушылық білдіріп, осы мәселеге Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амринге және Қаржы министрі Мәди Тәкиевке сұрақ қойды. Депутаттың айтуынша, Қонаев қаласының стратегиялық мақсаты – Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде қалыптасып, Алматы қаласындағы әлеуметтік және көлік жүктемесін азайту. Алайда бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр. «Қонаев қаласы
