19 адам сібір жарасын жұқтырған: Ақмола облысында екі ауыл карантинге жабылды
Ақмола облысы Атбасар ауданындағы екі ауыл сібір жарасы тіркелуіне байланысты карантинге жабылды. Ақпаратты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Министрдің мәлімдеуінше, сібір жарасы тіркелген ауылдарда алдымен шектеу шаралары енгізілген. Бұл ауылдарда 19 адамда сібір жарасы анықталған, бір адамның жағдайы ауыр. «Ол жерде мал, адам жүрмеуі керек. Біз аумақты қоршап,
