Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне қайта ұша бастайды
Рейстерге билеттер сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Informburo.kz. Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 25 маусымда келесі рейстер орындалады деп күтіліп отыр: KC205 Астана-Дубай, 11:00 KC206 Дубай-Астана, 16:40 KC653 Алматы-Доха, 11:00 KC654 Доха-Алматы, 15:05 KC897 Алматы -Дубай, 11:15

