Полиция қатты аяз салдарынан трассада қалғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп келеді
23 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында 30 градус аяз болды. Алайда, кейбір жүргізушілер құтқарушылар мен полицияның ұсыныстарын елемеді. Түнде Ырғыз ауданында «Самара-Шымкент» автожолында полиция жасағы жол жиегіндегі автобусты байқаған. 82 жолаушысы бар автобус Шымкент-Уфа бағытына қарай келе жатқан. Алайда, трассада автобус істен шыққан. Полиция ТЖД қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту пунктіне 84 адамды,

