«Трамптың арнайы шақыртуымен»: Тоқаев Давостағы тарихи құжатқа қол қояды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 22 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласына жұмыс сапарымен аттанады. Ол АҚШ Президенті Дональд Трамптың жеке шақыртуымен «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қою рәсіміне қатысады, деп хабарлайды «Тілші» Ақордаға сілтеме жасап. Бұл сапар Қазақстанның жаһандық бітімгершілік процестеріндегі рөлін айқындай түспек. 19-23 қаңтар аралығында Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша

