«Біз оппозиция емеспіз»: Мейрам Қажыкен партиясын тіркей алмай, Тоқаевтан көмек сұрады
2022 жылғы президент сайлауына қатысқан экономист Мейрам Қажыкен бастаған топ әділет органдарының табалдырығын тоздырса да, ресми тіркеуден өте алмай жүр. Амалы таусылған белсенділер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жолдады, деп хабарлайды «Тілші» Азаттық радиосына сілтеп. Қажыкен үндеуді 13 қаңтар күні Facebook-тегі парақшасында жариялады. Президентке бағытталған үндеуде мәтін авторлары «партиялардың нақты бәсекелестігінсіз демократиялық жүйені дамыту мүмкін

