«Жалған нөмірмен оқушыларды тасыған»: Ақтөбеде көлік жүргізушілерінің қитұрқы әрекеті әшкере болды
Ақтөбе қаласында «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірі әдейі боялған мұнай таситын жүк көлігін тоқтатты. Сонымен қатар жүргізушілердің бірінің балаларды жалған мемлекеттік нөмір тағылған мектеп автобусымен тасымалдағаны белгілі болды. Бұдан бөлек, жалған нөмірмен жүрген ВАЗ маркалы автокөлік те анықталды. Іс-шараның алғашқы

