Бір тал темекі үшін кісі өлтірген: Ақтөбеде пойыз бастығының өліміне қатысты үкім шықты
Ақтөбеде шылым сұрағаны үшін пойыз бастығын аяусыз өлтірген 28 жастағы жігіт 20 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен осындай үкім шығарды, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп. Сотталушы бұған дейін де қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін істі болған «тәжірибелі» қылмыскер болып шықты. Биылдың өзінде Ақтөбе

