Батыс Қазақстанға танымал тележүргізуші неге қызметін тастап, мал өсірумен айналысып кетті
Батыс Қазақстан облысында танымал журналист Шарипа Жұмабайқызы жұбайының ұсынысын қолдап, қырда мал бағып жүр. Тасқала ауданында тұратын ерлі-зайыпты үш жылдан бері ауыл өмірі мен мал бағудың қыр-сырын меңгеріп алған. Өркен мен Шарипа ауырған малды да өздері емдейді. Жергілікті телеарнаның бетке ұстар дикторы болған Шарипа Жұмабайқызы KAZ.NUR.KZ тілшісіне ауылға қалай көшіп барғанын айтып берді. Мектепті, кейін

