Адвокат: Думан Мұхаммедкәрім абақтыда тағы аштық жариялады
Талдықорғандағы №71 мекемеде қамауда жатқан журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрім өзінің үстінен қозғалған істің созылып жатқанына наразылық ретінде аштық жариялаған. Мұны оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. «Сенбі, 13 сәуірде Думанмен кездестім. Ол сол күннен бастап қайта аштық жариялады, өзіне қатысты тергеу мен соттың созылып кеткеніне наразы. Мәселен, осы күнге дейінгі әкімшілік қамау мерзімдерін қоса санасақ,

