«Өз халқынан қорқатын мемлекет»: Дуров Ресейде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іске жауап берді
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Ресейде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іске қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол бұл айыптауларды мессенджер жұмысын бұғаттауға бағытталған биліктің кезекті әрекеті деп санайды, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Сейсенбі, 24 ақпан күні кәсіпкер өзінің жеке Telegram-арнасында арнайы жазба жариялады. Ол Ресей билігінің өзін «терроризмге жәрдемдесті» деп айыптап отырғанын

