Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Самара–Шымкент автожолының 848-шақырымында Toyota Camry мен ГАЗель соқтығысты. Салдарынан ГАЗель өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz. Toyota Camry жүргізушісі – 41 жастағы Тәжікстан азаматы көлік ішінде қысылып қалған. Екі зардап шеккен адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бір науқас жансақтау бөлімінде, екіншісі хирургия бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

