Ақтөбеде ауыл тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
Алға ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында биылғы қаңтар айынан бері ауыл тұрғынының бопсалауға ұшырағаны анықталды. Тергеу мәліметінше, алдын ала сөз байласқан белгісіз тұлғалар пайдакүнемдік мақсатта ер адамнан екі миллион теңге талап еткен. Жәбірленуші аталған соманың бір бөлігін беріп үлгерген. Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен арнайы бөлініс

