Ақтөбелік мұғалім танысының баласын “жеңілдікпен оқуға орналастырамын” деп алдап, ай сайын ақша алып отырған
Ақтөбе қаласының №2 соты жеке мектептің мұғалімін алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың тамызында әйел өз танысына баласын “жеңілдікпен” жеке мектепке орналастырып беруге көмектесетінін айтып, ай сайын 60 мың теңге төлеуді ұсынған. Анасы келіскеннен кейін мұғалім оқу туралы келісімшартты баланың қолымен беріп, қол қойылған құжатты

