iPhone 15 Pro Max-ті арзанға алмақ болған ақтөбелік сан соғып қалды
Ақтөбеде интернет арқылы тауар сатып алмақ болған бірнеше тұрғын онлайн-алаяқтардың құрбанына айналды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны арзандатылған бағаға iPhone 15 Pro Max телефонын сатып алмақ болып, алаяқтың есепшотына 400 мың теңгеден астам қаржы аударған. Төлем жасалғаннан кейін «сатушы» байланысқа шықпай қойған. Сондай-ақ тағы бір ер адам Instagram әлеуметтік желісі арқылы костюм сатып аламын

